Меню

Страницы

Статья

«Даму» Қоры – шағын және бизнесті қолдау операторы

«Даму» Қоры – шағын және бизнесті қолдау операторы

Арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы мемлекет отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Ол мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидия, кепілдік, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы жеңілдікпен несиелеу құралдары арқылы қолдау көрсетеді.

Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджеттен қаражаты есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бастап бүгінге дейін бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі сүйемел көмек ТЕГІН. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» Қоры бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті. Жобалар әртүрлі салаларды қамтиды. Бұл – мемлекеттің экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түрлеріне көңіл бөлетінін көрсетеді. Әсіресе отандық өнім шығарушылар, IT-технология, аграрлық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру саласына басымдық беріледі.

Қор өндірілетін өнімі мен қызметін сапалы деңгейге көтеруге қабілетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл – болашақта ол тауарлардың импортты алмастырып, бәсекеге түсе алуына оң әсер етеді, тіпті экспортқа шығуына мүмкіндік береді.

Анықтама: мемлекеттік қолдауға өтінімді «Даму» Қоры онлайн ресурстар арқылы қабылдайды және ол қызмет тегін, қандай да бір сыйақыны талап етпейді.

«Даму» Қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қоңырау шалуға болады) немесе Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын ауданы, 14Б, 1 қабатта орналасқан мекен-жайы бойынша хабарласуыңызға болады.

Дата публикации
06 декабря 2023
Дата обновления
06 декабря 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 марта 2026
Асқар Тоқпанов ауылдық округ тұрғындарының назарына!
09 сентября 2024
06 қазан 2024 жыл - Референдум
09 сентября 2024
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы