Меню

Страницы

Статья

Экономика және қаржы

КазЦИК ауылдық округінің құрамына 2 елді мекен кіреді. Округте тұратын азаматтардың жалпы саны – 18 500 адам, оның ішінде қазақтар – 94,5%, орыстар – 2,2%, күрттер - 2,1%, басқа ұлт өкілдері – 1%.   КазЦИК ауылы КазЦИК  ауылдық округінің орталығы болып табылады, аудан орталығы 22 шақырым қашықтықта орналасқан.

         КазЦИК  ауылы,  жалпы аумағы – 26 210 км, аула саны 1009.

Комсомол  ауылы, жалпы аумағы  – 6915 га, аула саны – 331.

         Округте 153 - ЖШС, 31 – шаруа қожалықтары тіркелген. Ауылдық округтің негізгі даму бағыты-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы.

         Барлығы 3065 гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде егістік – 1468 гектар,  жайылымдар - 1597 гектар, суармалы жерлер – 816гектар. Жаздық арпа – 85  га, көпжылдық шөптер-699 га, картоп-100 га, көкөніс – 69  га.  01.01.2020 жылға мал басы құрады: ІҚМ-776 бас, оның ішінде сиыр-452 бас, ұсақ мал-1500 бас.

Округты сумен жабдықтау «КазЦИК-Су», «Комсомол-СУ»,  «Іле коммуналдық шаруашылығы»МКК жүзеге асырады. Округ бойынша 10 су ұңғымасы бар. Су құбыры желілерінің ұзындығы   44км 565 м.

Округ бойынша 3 мемлекеттік, 2 жекеменшік мектеп  бар.         Округтегі оқушылар саны 4608 оқушыны құрайды. Округте 3-6 жас аралығындағы балалар саны-1669. Округте 17 балабақша бар, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт, 1 медициналық орталық, 1 оңалту орталығы  жұмыс істейді.  

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
01 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

13 марта 2026
Асқар Тоқпанов ауылдық округ тұрғындарының назарына!
09 сентября 2024
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
09 сентября 2024
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы