
Міндеттері:
1) энергетика, жылу және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жоспарларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) округтегі мемлекеттік тұрғын қорының және автокөлік жолдарының жағдайының сақталуын, құрылысын, қайта жөндеуін қамтамасыз етеді;
3) төтенше жағдайларды жою және алдын-алу іс-шараларын ұйымдастырады;
4) округке қарасты құрылыс, жер пайдалануды реттеу шараларын, архитектура және қалақұрылыс мәселелерін үйлестіреді;
5) көгалдандыру, жарықтандыру және елді мекен аймағы мен стадион, спорт алаңдары аймақтарын санитарлық тазалау мен жайлыландыру жұмыстарын ұйымдастырады.