
Жағыпбердиева Ақсуйген Туракалдықызы 31 наурыз 1991 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылында дүниеге келді. Жылысай ауылының М.Орманова атындағы орта мектебінде білім алды. 2013 жылы - Алматы гуманитарлық-техникалық университетін, ал 2022 жылы - Шымкент университетін бітірді.
2014 жылдың 01 қазанынан бастап "Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маман міндетін атқарушы;
2015 жылдың 05 наурызынан бастап "Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маман;
2026 жылдың 20 сәуірінен бастап "Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімінің орынбасары болып бүгінгі күнге дейін қызмет атқаруда.