Меню

Страницы

Статья

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғастырылуда!

Құрметті клиенттер! Біз 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды жалғастырамыз! Қазақстанның барлық облысындағы біздің филиалдарымыздың есігі сіздер үшін ашық!

🔍Бағдарлама шарттары

📍 Қаржыландыру жолдары:
✔️ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары;
✔️ Несие серіктестіктері;
✔️ Екінші деңгейлі банктер;
✔️ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
✔️ Микроқаржы ұйымдары;
✔️Өңірлік инвестициялақ орталықтар.

🖋️ Нысаналы мақсаты
✔️ Айналым қаражатын толықтыруға несие беру (2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін);
✔️ АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға аванс беру арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыруға несие беру (көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін)

📌 Сыйақы мөлшерлемесі:
Жылдық 5%, (ЖТСМ – жылдық 5%-дан бастап)

🏠 Кепілдікпен қамтамасыз ету:
✔️ Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талаптарына 100% сай келетін мүлік;
✔️ Қарыз сомасының 85%-ын «Даму» КДҚ» АҚ кепілдендіреді. Қарыздың қалған бөлігі мен сыйақы мөлшерлемесін фермер Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талаптарына жауап беретін кепілдікпен қамтамасыз етуі қажет.

❗ Несие мерзімі:
✔️ 2026 жылғы 1 наурызға дейін
💻 Бағдарламаның толық шартын agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар.

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
05 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 февраля 2026
Мемлекет тұрғын үй көмегінің ережелерін жаңартты
Ақпарат
04 февраля 2026
«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғастырылуда!
06 сентября 2024
РЕФЕРЕНДУМ - 2024

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы