НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған
НЫСАН
НҚА жобасының атауы
(НҚА түрін көрсете отырып)
«Өсімдіктерді қорғау және карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы».
Әзірлеуші мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының талаптарына сәйкес Комитет өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині және асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларында әкімшілік деректерді жинау нысандарын бекітуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, атап айтқанда:
«Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша жүргізілген тексерулер мен салынған айыппұлдар туралы апталық ақпарат»,
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы бақылау субъектілеріне профилактикалық бақылау жүргізуді тіркеу журналы»,
«Өсімдіктер карантині саласында карантинге жатқызылған өнімді импорттау кезінде анықталған бұзушылықтар туралы елдер бөлінісіндегі есеп»,
«Өсімдіктер карантині саласындағы әкімшілік айыппұлдар бойынша ай сайынғы есеп»,
«Өсімдіктер карантині саласында карантиндік объектілерге қарсы жүргізілген өңдеулер туралы есеп»,
«Өсімдіктер карантині саласында карантиндік объектілер бойынша берілген нұсқамалар туралы ай сайынғы есеп».
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
2026 жылғы ІI тоқсан
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.