|
НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған НЫСАН |
||
|
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
|
|
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
|
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасына және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес |
|
|
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Пестицидтерді залалсыздандыру қағидаларына, сондай-ақ арнайы қоймаларды (қорымдарды) тиісті жағдайда ұстау жағдайларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 29 қыркүйек 2015 жылы № 15-05/864 бұйрығына) сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты болатын жеке және заңды тұлғалар тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандырады, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) тиісті жағдайда күтіп-ұстауын бақылауды жүзеге асырады |
|
|
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2026 жылғы І тоқсан |
|
|
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді. |
|