Пішін
НҚА жобасын "Ашық НҚА"порталында орналастыру үшін
1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі-жоба).
2. Әзірлеуші мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.
3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (ол болған кезде))
Жоба екінші деңгейдегі банктер арқылы шартты қаржыландыру бағдарламалары бойынша түпкілікті қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесін қалыптастыруға бірыңғай және ашық тәсілді белгілеу және кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
4. НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы
Жобада Екінші деңгейдегі банктер арқылы шартты қаржыландырудың барлық бағдарламалары бойынша түпкілікті қарыз алушылар үшін бірыңғай сыйақы мөлшерлемесін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу көзделеді.
5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
2026 жылғы ақпан.
6. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.