Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшысына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Занының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
- «Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-45 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191998 болып тіркелген) шешімі күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.