ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Іле ауданы Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Өтеген батыр ауылы 09.12.2025 ж.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі-әкімдік) «әкімдік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2025 жылғы 09 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылғы 01.01.2024-31.12.2024 жұмыс кезеңі ішкі талдаумен қамтылды. Өтеген батыр ауылдық округ аумағында Қазақстан Республикасы Атқарушы билігінің бірыңғай жүйесіне кіретін мемлекеттік басқару функциясын іске асыру - әкімдіктің миссиясы болып табылады.
Әкімдік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
-Қазақстан Республикасының «Мемлекеттікқызметітуралы»Заңы
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;
– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
– Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
– Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;
– Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы.
–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
–«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
–Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік мемлекеттік лауазымды атқарудың кейбір мәселелері туралы».
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін «Өтеген батыр» ауылдық округі әкімдігінің аппараты» ММ-сі өз қызметінде басшылыққа алатын мемлекеттік қызметтерге қатысты кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық актілер, регламенттер мен стандарттар зерттелді.
Аппараттың штаттық саны 2024 жылдың басында 15 бірлікті құраса, бүгінгі күні – 11 бірлік. Қызметкерлердің нақты саны – 11 бірлік.
Азаматтарды мемлекеттік қызметке қабылдау персоналды басқарудың бірыңғай қызметі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтегі барлық бос лауазымдар Іле ауданы әкімінің ресми сайтында уақытылы жарияланады.
2024 жылы Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Әкімдік қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде және әріптестерімен өзара іс-қимыл барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтамау фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ ауылдық әкімдік аппаратының кадрлық құрамына жүргізілген талдау барысында мемлекеттік қызметшілер арасында лауазымдық міндеттерді объективті және бейтарап орындауға әсер етуі мүмкін туыстық, отбасылық немесе жекжаттық қатынастары анықталған жоқ.
(қайшылықтар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)
Мемлекеттіксатып алу саласында сатып алынатынтауарларғанемесеқызметтергебағаныжасанды түрде көтеру қаупі бар,лауазымдытұлғаларзаңсызтабысалаалады.Біркөзденсатып алу кезіндесатыпалубірмердігерденашықконкурссызжүзеге асырылады,мердігер тапсырыс берушімен келісеотырып, тауарлардыңнемесеқызметтердіңбағасынкөтеруарқылыжағдайдытеріс пайдалана алады.
Ұсынылады: «Мемлекеттік сатып алу» веб-порталында өңірлер бойынша тауарлар мен қызметтерге бағаны көтеруге шектеу (шек) еңгізу және іске асыру. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ-не ұсыныс хат жолдау.
2024 жылы Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппаратында келесі өтініштер тіркелді: жеке тұлғалардан – 578, заңды тұлғалардан – 32, кіріс қызметтік хат-хабарлар – 1538, шығыс қызметтік хат-хабарлар – 1545.
Сондай-ақ, 2024 жылы округ әкімі 128 азаматты жеке қабылдады, барлық өтініштердің мәні бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштердің сипатына талдау жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеу нәтижесінде өтініштерді қарау уақтылы жүзеге асырылатыны, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдердің сақталатыны анықталды. Барлық өтініштер «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің дерекқорына уақтылы енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке тәртіпте жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылады. Талдау барысында көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қолжетімділік қамтамасыз етілгені анықталды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесі бекітілген стандарттар мен регламенттерге толық сәйкес жүзеге асырылды. Стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін әкімдік мамандарына көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Өтеген батыр ауылдық
округінің әкімі Т. Омаров
Өтеген батыр ауылдық
округі әкімінің орынбасары А. Куюшпаева
Бас маман А. Нұрланқызы
Жұмыс тобының құрамы:
Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары-А. Куюшпаева
Бас маман-А.Нұрланқызы
Бас маман-А.Сердалықызы
Жетекші маман-Д.Баймухамбет