«Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» MM-ci
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2025 жылдың (9 30 желтоқсан аралығында «Өтеген батыр ауылдык
округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша
жүзеге асырылсын:
1. Әкімдік қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2. Әкімдіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы
кезеңі 2024 жыл болып белгіленсін.
4. «Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі ішкі
талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Өтеген батыр ауылдық округі
әкімі аппаратының» бас маманы А. Нұрланқызына жүктелсін.