
Ішкі саясат бөлімі Өтеген батыр ауылдық округі аумағында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады.
Бөлім қызметінің негізгі мақсаты – округтегі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қолдау.
Мекеме аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуалға қатысты мәселелермен айналысады. Атап айтқанда, саяси партиялардың қызметі, ұлттық-мәдени бірлестіктер, құқық қорғау бағытындағы ұйымдар, діни және жастар ұйымдары, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне байланысты жұмыстарды үйлестіреді.
Сонымен қатар, бөлім жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, осы бағытта мемлекеттік тапсырысты орындайды және округтегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіреді.