GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
ЕСКЕРТУЛЕР
20 октября 2026
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында округтің учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Мәдениет
15 октября 2026
Мен өмірді сүйемін атты концерттік іс шара өтті!

Байкент ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлау, қоғамдағы белсенділігін арттыру және мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.

Мерекелік концерт барысында әсем әндер шырқалып, әсерлі өнер көрсетілімдері ұсынылды. Қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Әрбір жан қамқорлық пен құрметке лайық! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!

Мәдениет
01 июня 2026
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай!

Балалардың қуанышы – біздің басты құндылығымыз. Мерекеге орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 800 балаға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі – баршаға қуаныш сыйлады. Өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы үшін жасалып жатқан осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, оқуларыңызға табыс, балалық шақтарыңыз бақытқа толы болсын!

Мәдениет
30 апреля 2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл күн – еліміздегі достық, татулық пен өзара құрметтің символы. Әр ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны – біздің ең үлкен байлығымыз.  

Баршаңызға денсаулық, бейбіт өмір, бірлік пен береке тілейміз!

 

Мәдениет
27 апреля 2026
Чернобыль апатына 40 жыл

Бүгін – адамзат тарихындағы ең ауыр техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаға 40 жыл толып отыр.  

1986 жылғы 26 сәуірде болған бұл апат миллиондаған адамның тағдырына әсер етіп, қоршаған ортаға орасан зиян келтірді. Біз сол бір қиын кезеңде апаттың зардаптарын жоюға атсалысқан азаматтардың ерлігі мен жанқиярлығын ешқашан ұмытпаймыз.  

Чернобыль апаты – бейбіт атомның жауапкершілікпен қолданылуының маңызын еске салатын тарихи сабақ.  

Бүгін біз қаза болғандарды еске алып, тірі куәгерлерге алғысымызды білдіреміз.  

Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі, тарихқа тағылым.

ЕСКЕРТУЛЕР
26 марта 2026
ОКРУГ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУІ
Мәдениет
23 марта 2026
Байкент ауылдық округінде «Тазару күні» аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

Ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер бірлесе отырып, көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазартты. Қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мақсатында жұмыстар атқарылды. Бұл игі шара ауылдың көркеюіне өз үлесін қосты.

Тазару күні — табиғатқа жанашырлық танытып, туған жерімізге деген қамқорлықты арттыратын маңызды бастама. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!

23 марта 2026
Байкент ауылында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Ауыл тұрғындары ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, ән мен күй шырқалды. Балаларға арналған ойындар ұйымдастырылып, көпшілік бір-біріне ақжарма тілектерін білдірді.

Наурыз — бірлік пен жаңарудың, мейірім мен жақсылықтың мерекесі. Осындай игі шаралар ауылымыздың берекесін арттыра берсін!

Мәдениет
20 марта 2026
Спорт күні!
Мәдениет
19 марта 2026
Жаңару күні құтты болсын!

Бүгін – жаңа бастамаларға, жарқын ойларға және жақсы өзгерістерге толы күн. Әрбір қадамдарыңыз сәттілікке бастасын, жүректеріңіз қуаныш пен үмітке толы болсын! Жаңару күні әр шаңыраққа береке, тыныштық пен бақыт әкелсін!  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы