Меню

Страницы

Статья

Абаттандыру

Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру

  1. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      Заңды және жеке тұлғалар бүкіл аумақта, оның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті сақтайды, қалалар мен елді мекендерді абаттандыру элементтерінің (жолдардың, тротуарлардың, көгалдардың, шағын сәулет нысандарының, жарықтандырудың, су бұрудың) бүлінуіне және бұзылуына жол бермейді. Жергілікті жерді ағымдағы санитарлық ұстауды аумақты абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде күрделі және уақытша объектілердің иелері:

1) бөлінген аумақты санитарлық күтіп-ұстауды және абаттандыруды өз қаражаты есебінен дербес не ұйымдармен шарттар жасасу жолымен қамтамасыз етеді;

2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

3) көшелер мен үйлердің нөмірлері көрсетілген тақтайшаларды техникалық жарамды күйде және таза ұстайды;

4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда ұстайды (қоршаудың (дуалдың) сыртқы жағынан сырлау, ақтау).

 

  1. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күтіп ұстау келесі қызмет түрлерін қамтиды:

1) ұсақ және тұрмыстық қоқыс пен қалдықтарды жинау және шығару;

2) ірі көлемді қоқыс пен қалдықтарды жинау және шығару;

3) сыпыру;

4) Қамысты, қурайды, шөпті және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және бояу.

 

  1. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар, оның ішінде оларда орналасқан тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, саты баспалдақтары орналасқан жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды жинауды жеке және заңды тұлғалар және осы объектілер қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.
  2. Объектілердің меншік иелері іргелес аумақты (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны дербес жүргізеді.
  3. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын жинауды жүру бөлігін тазалау мен күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
  4. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарындағы оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
  5. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс қоқыстарын шығаруды осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдар жүргізеді.
  6. Суағар желісінің қоқыстануын болдырмау үшін суағар коллекторларына, жаңбыр қабылдағыш құдықтарға және арық жүйесіне қоқыс тастауға жол берілмейді.
  7. Жер үстіндегі инженерлік құрылыстардың иелері мен пайдаланушы ұйымдары инженерлік желілердің күзет аймақтарының шекарасында іргелес аумақты санитариялық күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
  8. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергілікті атқарушы орган белгілеген орындарға жүзеге асырылады.
  9. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстан тазартылады және абаттандырылады.
  10. Қызметінің нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары түзілетін жеке және заңды тұлғалар қалдықтар түзілген кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайды.

13.    Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.

Дата публикации
01 сентября 2022
Дата обновления
01 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
05 июня 2025
Ономастика бойынша
Азаматтардың өтініштеріне шолу
21 ноября 2024
2024 жылы Қазақстан халқына арналған Жолдау
09 сентября 2024
РЕФЕРЕНДУМ - 2024

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы