Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің  2023 жылдың 12 айында  көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға жеке жүгіну жолымен жүзеге асырылатын және олардың тиісті материалдық немесе материалдық емес артықшылықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудың нысандарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғаларға келесідей мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады:

          Байсерке ауылдық окургі әкімі аппаратында 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді:

  1. «Елді мекендер шегінде объектілер құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  4. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау»
  5. «Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
  6. «Жалға алған жер телімінің мерзімін ұзарту».

Халыққа мемлекеттік қызметтер тиімді және ыңғайлы болу үшін  ғимаратта мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стендттері орнатылған.  Сонымен қатар Өзіне –өзі қызмет көрсету бұрыштары  «Егов» арқыл 41 - анықтамалар алынды,  23 - ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алында барлығы 64 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. «Елді мекендер шегінде объектілер құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру»; –  мемлекеттік қызмет түрі көрсетілмеген.
  2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 1727 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Бүгінгі күнге барлығы округ бойынша 50101 кезекке тұрған.

Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің 04.03.2022 жылғы №19-3-12/748-і хатына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекке қою туралы өтініш электрондық түрде Е-GOV порталы арқылы беріледі. 

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге» шешім беру – 110 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп оның ішінде 52 жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өкім берілген.
  2. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау» - 1479 түрі көрсетілген.
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 95 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.
  4. «Жалға алған жер телімінің мерзімін ұзарту» -30 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

Байсерке  ауылдық округінен   7  мектептен  1479 оқушы  тегін  тасымалданып оқытылады, көлік саны : 12 ИП «Утесинова"  байланыс  нөмірі  8702580889, ИП «Журкабаев», байланыс  нөмірі : 87472728025

Бағдарламаны орындау мақсатында аппарат мамандарымен білім беру мекемелерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды. Осы цифрлық қолтаңба арқылы «Электрондық үкімет» арқылы жұмыс жасай алады және керекті анықтамалардың барлық түрін ала алады. Журналдары құжаттаманың стандартты ережелеріне сәйкес келеді.

 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, кіріс және шығыс корреспонденциялары үшін папкалар номенклатуралық іс бойынша ашылған.

«Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сіне 2023 жылдың 12 айында жеке тұлғадан –510 өтініш,  заңды тұлғадан-16 өтініш тіркеліп барлығына заңға сәйкес уақытылы жауап берілді.

1) тұрғын үй бойынша

1%

2) жер қатынастары бойынша  

48 %

3) жолдарды жөндеу бойынша

23 %

4) электр желісі, сумен қамтамасыз ету бойынша

19%

5) ауыл шаруашылығы

2%

6) көгалдандыру, санитарлық тазалық

6 %

7) басқада сұрақтар

1%

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында белгіленген мерзімі бұзылған қызмет болмады.

            Әкім аппараты мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін ай сайын ішкі бақылау жүргізеді.

Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.

Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі). Сондай-ақ, әкім аппаратының ғимаратында сары түспен белгіленген және нашар көретін адамдарға арналған тактильді сары жолақтар бар, сонымен қатар ағымдағы жылдың желтоқсан айында әкімшіліктегі әжетханаға мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін қайта реконструкция жүргізілді.

  • Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер туралы толық және қол жетімді түрде ақпарат беріледі
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мамандардың білімін арттырып отырады

            Байсерке ауылдық округі әкімшілігіне  келіп түскен өтініштер: тұрмыстық жағдайы бойынша көмек сұрау, акт алу, жалға берілген жер телімінің берілген уақытын аяқталғанына байланысты жаңа жалға алу құқығын беру, жер телімін жеке меншікке рәсімдеу туралы, жол жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, электор желісі, т.б. келіп түскен өтініштерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» Заңына сәйкес  жауаптар берілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына  және жеке заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарастыру барысында заң бұзушылық факторлары  болмады.

Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес округ әкім  қабылдауында 310  жеке тұлғалар қабылданды.

2023 жылдың тамыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы яғыни, А.Дайрабаевтың  мәселесі бойынша  ұсыныстары қаралған.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы бойынша (2023.11.10. берілген өзгерістермен). Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы өтініш Іле ауданы Жер  комиссиясының қаралуына тек «елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» өтініш түскен жағдайда жолданылады. Азамат А.Дайрабаевтың сұратылып отырған жер учаскесі елді мекен шегінде орналасқан.

 «Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не  11.08.2023 жылы «Е-Лицензия» ақпараттық жүйесі  арқыры А.Дайрабаевтан  Байсерке ауылы №4114, Байсерке ауылы №4112, Байсерке ауылы №4113 менкен жайлары бойынша орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің  нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштері түскен және «Е-Лицензия» базасы арқылы «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы» ММ-не сол күні жолданған. 

14.08.2023 жылы шығыс № 01-21/670, №01-21/673, №01-21/669 нөмерлерімен «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы» ММ-не Байсерке ауылы қала құрылысы регламенттерін іске асыру мақсатында жасалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша сұратылып отырған жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүмкіндігі барын немесе жоғын ҚР «Жер Кодексінің» 49 бабының 1 тармақшасына сәйкес анықтау үшін курьер арқылы жолданған. (көшірмелері қоса тіркеледі)

«Іле ауданы сәулет және қала құрылысы» ММ-нен 25.08.2023 жылы шығыс №1653, 1652,1656 номерларымен А.Дайрабаевтың аталған жер телімдері бойынша қортындылары алынды.

Байсерке ауылы №4114 мекен жайындағы жалпы көлемі 3,0000 гектар жер телімі, Алматы облысы маслихатының 2020 жылғы 04 қыркүйектегі 63-256 шешімімен сұратылып отырған жер учаскесі   негізгі аумағы зираттың санитарлық қорғау аумағында  (алаңы 1,7743 га.), ішінара спорттық ойын алаңдарын ашу (алаңы 0,3035 га.), ішінара қызыл сызық бойынша (алаңы 0,9222 га. асфальтталған көшелер мен жолдар) орналасқаны туралы қорытынды берілген.

 Аталған өтініш бойынша 23.08.2023 жылы өтініш иесіне тыңдау хаттамасы өткізілетіні бойынша хабарандыру берілді. Осыған орай А.Дайрабаевқа телефон арқылы 25.08.2023 жылы тыңдау хаттамасы өткізіліп, ҚР «Жер кодексінің» 49-1, 97 баптары бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Кадастрлық № 03-046-267-4114 жер учаскесі негізгі аумағы зираттың санитарлық қорғау аумағында  (алаңы 1,7743 га.) болуына байланысты нысаналы мақсатын өзгертпейтінін мәлімдеді.

Байсерке ауылы №4112 мекен жайындағы жалпы көлемі 3,0700 гектар жер телімі, Алматы облысы маслихатының 2020 жылғы 04 қыркүйектегі 63-256 шешімімен сұратылып отырған жер учаскесі ішінара жеке аз қабатты тұрғын үйлер аумағында (алаңы 1,8582 га.), спорттық ойын алаңдарын ашу (алаңы 0,2347 га.), ішінара қызыл сызық бойынша (алаңы 0,9771 га. асфальтталған көшелер мен жолдар) орналасқаны туралы қорытынды берілген.

Байсерке ауылы №4113 мекен жайындағы жалпы көлемі 3,0000 гектар жер телімі, Алматы облысы маслихатының 2020 жылғы 04 қыркүйектегі 63-256 шешімімен сұратылып отырған жер учаскесі   ішінара жеке аз қабатты тұрғын үйлер аумағында (алаңы 1,5839 га.), ішінара білім беру объектілерінің аумағында (балабақша (алаңы 0,5665 га.), ішінара балалар спорттық ойын алаңын ашу аумағында (алаңы 0,4238 га.), ішінара қызыл сызық бойынша (көшелер мен жолдар) (алаңы 0,4258 га. асфальт жабыны бар)  орналасқаны туралы қорытынды берілген.

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау ) құнын айқындау актілері шаруа қожалығын жүргізу үшін»-нен бас жоспар бойынша  «жеке аз қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін»-ге кад.№ 03-046-267-4112 көлемі 30700 шаршы метрге 03-046-267-4113-30000 шаршы метрге, 03-046-267-4114-30000 шаршы метрге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес Алматы облысы бойынша филиалының Іле аудандық Тіркеу және Жер кадастр бөлімінен дайындалып алып келген.

Байсерке ауылы №4112, Байсерке ауылы №4113 мекен-жайларда орналасқан жер телімдері бойынша «жер  учаскесінің кадастрлық  бағалау құнын айқындау актісі» дұрыс болмағандықтан (жер учаскесінің барлық аумағы бойынша берілген),алайда жер телімінің нысаналы мақсаты ішінара өзгертілетіндіктен,түзетіп алып келуге берілді.Осы мәселе бойынша 26.08.2023 жылы  өтініш иесі А.Дайрабаевпен тыңдау хаттамасы жүргізілді.27.08.2023 жылы жауап берілді.

Бүгінгі күнге өтініш иесі А.Дайрабаев  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне жазған өтініш қараусыз қалдыру туралы өтініш жіберілген.

            Ескерту:  Қазақстан Республикасының  Жер кодексіне  49-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.05 № 221-VII Заңымен (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

            Сонымен қатар ағымдағы жылдың  қазан айының 10 күні   (өтінішін 09.10.2023 жылы сағат 22.25-де жіберген «Е-лицензия» электронды жүйесі арқылы азаматша Н.Базарханның Байсерке ауылы, Д.Конаев көшесінен  «өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін»  жер телімін беру туралы өтініші тіркеліп, ҚР-ның ауыл шаруашылық министрінің 01.10.2020 жылғы №301 бұйрығының 10 қосымшасына сәйкес  мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидасының  2 бөлімінің  7 тармағының 2 тармақшасын басшылыққа ала отырып,  электрондық жүйесі арқылы  «Іле ауданы Жер қатынастары бөлімі» ММ-не жер комиссиясының талқысына нақты шешім қабылдау үшін, сонымен қатар ҚР-нің «Жер кодексінің» 43 бабына сәйкес шығыс № 01-21/885 11.10.2023 жылы «Іле ауданы құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  өтініш берушінің сұратылып отырған жер телімін Байсерке ауылының егжей-тегжейлі бас жоспарға сәйкес қарастыру үшін жолданған.

             26.10.2023 жылы  Іле аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінен сұратылып отырған жер телімі бойынша қорытындысы жіберілмегендіктен, «Е-Лицензия» электрондық жүйесі арқылы өтініштің қаралу мерзіміне сәйкес, түсініктеме ретінде өтініш иесіне аралық жауап берілген, себебі «Е-лицензия» деректер қорының функциялары аралық жауаптар мен түсіндірме жауаптарды есепке алмайды, өйткені бар болғаны 2 функция бар: бас тарту және шешім шығару. Осыған байланысты, дәлелді бас тарту ретінде түсіндірме жауап берілді.

27.10.2023 жылы  «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ –нің берілген қорытындысы бойынша  Н.Базарханның,  сұрап отырған жер телімі схемада көрсетілген Д.Конаев көшесінде емес Құрманғазы көшесінде орналасқан және біреудің жеке меншік құқығында .

27.10.2023 жылы «Е-лицензия» электронды жүйесі арқылы азаматша Н.Базарханнан Байсерке ауылы, Д.Конаев көшесінен  «өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін»  жер телімін беру туралы өтініші қайталанып жіберіліп,  сол күні тіркеліп, жоғарыда көрсетілген заңнамаларға сәйкес,  электрондық жүйесі арқылы «Іле ауданы Жер қатынастары бөлімі» ММ жіберілген, сонымен қатар қолма-қол (нарочно) шығыс № 01-21/928,1 нөмірімен  30.10.2023 жылы  «Іле ауданы Жер қатынастары бөлімі» ММ-не Іле ауданы жер комиссиясының отырысына қарастыру үшін  және  «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не Байсерке ауылы қала құрылысы регламенттерін іске асыру мақсатында жасалған елді-мекеннің мақсатын анықтау үшін жолданған.

Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің  2023 жылдың 12 айында  көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Дата публикации
06 марта 2024