«Іле ауданы әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру
2026 жылғы 08 шілдеде сағат 10.00-де Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебай ауылы, Тәулсіздік көшесі, №68 мекен-жайы бойынша «Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланған. Қосымша ақпарат пен сұраулар үшін 8-72752-71 -5-84 телефонына қоңырау шалыңыз
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1–31 шілде аралығында Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі , Тәуелсіздік көшесі, 68.
Қосымша ақпарат алу және туындаған сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 71-5-84, +7 708 763 4584 бас маман Әбдіқадіров Аян Дастанұлы.
Ащыбұлақ ауылдық округінде жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
М.Түймебаев ауылы:
🔹Қарақат көшесі -760 м
Көкқайнар ауылы:
🔹 Молодежная көшесі – 513 м
🔹 Бөлек батыр көшесі – 170 м 🔹
Наурызбай батыр көшесі – 350 м
🔹 Найманбаев көшесі – 355 м
🔹 Новостройка көшесі – 590 м
🔹 Әуезов-1 көшесі – 590 м
🔹 Әуезов-2 көшесі – 160 м
🔹Алатау көшесі – 235 м
Төле би ауылы:
🔹Бөлек батыр көшесі- 415 м
🔹К.Азербаев көшесі- 150 м
🔹Набережная көшесі - 685 м
🔹А.Қарсақбаев көшесі -250 м
🔹Қашқари көшесі - 375 м
Аталған көшелерге асфальт жабындысы төселіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қатынасы қамтамасыз етілді.
39 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ: АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Бұл жолы ауданның әр аймағынан келген тұрғындар, еріктілер мен мекеме қызметкерлері Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Жапек батыр және Төле би ауылдарының қиылысындағы Сары бәйбіше ескерткіші аумағынан бастап, орталық көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі сенбілікке жалпы саны 1716 адам қатысып, 16 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 24 гектар аумақ тазартылып, 39 тонна қоқыс шығарылды.
Елді мекендер аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен жол жиектері ретке келтірілді.
АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТІ
Бүгін Ащыбұлақ ауылдық округі аумағындағы білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына арналған мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл – мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше сәт, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын маңызды кезең.
Округ бойынша білім ордаларының табалдырығын 997 оқушы бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Олардың ішінде 105 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болса, 88 түлек үздік аттестатқа үміткер атанып отыр.
Ауылдық округ әкімдігі тарапынан барлық түлектерді құттықтай отырып, жарқын болашақ, биік арман және сәтті қадамдар тілейміз
Ащыбұлақ ауылдық округінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні кең көлемде аталып өтті.
Ұлы Жеңіс – батырлық пен елге деген адалдықтың мәңгілік символы. Майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен тылда табанды еңбек еткен ардагерлердің жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Ащыбұлақ ауылдық округінде 23 тыл ардагері бар. Олардың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Халқымызда:«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» деген дана сөз бар.
Біз батырларымыздың есімін ұлықтау арқылы тарихқа деген құрметімізді білдіреміз. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай облыстық ономастикалық қорытынды негізінде округіміздегі атауы жоқ 3 көшеге ұлы отан соғысы ардагерлерінің есімдері атап айтқанда: Құлымбаев Шолпанқұл Құлымбайұлына, Сембаев Жакіш Сембайұлына және Амандаев Абу Нұрымбетұлының есімдері берілді. Бұл – батыр бабаларымыздың рухына көрсетілген тағзым, ел есінде мәңгі сақталатын игі іс.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Береке-бірлігіміз артып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктей берсін!
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Қасымбеков Бахтияр Кеңесұлы тыл ардагерлеріне арнайы барып, мерекелік құрмет көрсетті.
Ел үшін аянбай еңбек еткен тыл майталмандарына алғысын білдіріп, арнайы азық-түлік себеттерін табыстады. Қиын кезеңде қайсарлық танытып, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің ерен еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Арнайы сыйлықтар мен мерекелік себеттерге «Первый Пивзавод», «Premium Logistic» және «ТОО Microhim» «TOO Polaris» мекемелері демеушілік көрсетті.Ардагерлерге құрмет танытып, ізгі іске қолдау білдірген демеушілерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Қариялардың ақ батасы мен елге деген адал пейілі — бүгінгі тыныш өмірдің алтын діңгегі. Ерлік пен еңбекті ұлықтау — әр азаматтың парызы.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ащыбұлақ ауылдық округінде ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, салтанатты түрде өткізілді.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен қонақтары бір алаңда бас қосып, еліміздегі татулық пен ынтымақтың жарқын көрінісіне куә болды. Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктері насихатталып, концерттік қойылымдар, өнер көрсетулер мен түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік нығая берсін!
Ащыбұлақ ауылдық округінде бокстан ашық турнир өтті
Ащыбұлақ ауылдық округінде округ әкімінің жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық турнир, округ әкімдігі мен “Ащыбұлақ ауылдық округіне” еңбегі сіңген жаттықтырушы, ардагер ұстаз Наурызов Рүстем Дүйсенұлының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған жарысқа:
Өзбекстан Республикасынан – 12 жасөспірім
Қарасай ауданынан – 47 жасөспірім
Жамбыл ауданынан – 25 жасөспірім
Кеген ауданынан – 6 жасөспірім
Іле спорт мектебінен – 22 жасөспірім
Іле ауданынан – 72 жасөспірім
Алматы қаласы Қарасай спорт мектебінен – 25 жасөспірім
Жалпы саны 209 жасөспірім қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Іле ауданы (11 жеңімпаз І орын)
ІІ орын – Қарасай ауданы (10 жеңімпаз І орын)
ІІІ орын – Алматы қаласы Қарасай спорт клубы (7 жеңімпаз І орын)
IV орын – Іле спорт клубы (6 жеңімпаз І орын)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер округ әкімінің Кубогымен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.
18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Ащыбұлақ ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған игі шара барысында “Ащыбұлақ ауылдық округінде” Ұлы отан соғысында қаза тапқан ардагерлер ескерткішінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бұл — өткенге деген құрметтің ғана көрінісі емес, болашаққа деген жанашылдықтың белгісі. Тарихи мұраны сақтау — ұлт жадына деген адалдық, ал оны дәріптеу — келер ұрпаққа қалдырылар ең қымбат аманат.