Ащыбұлақ ауылдық округінде "14 наурыз - Көрісу күні" аталып өтті

Ащыбұлақ ауылдық округінде "14 наурыз - Көрісу күні" аталып өтті

14 наурыз - Көрісу күні

КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик-жазушы, Баспасөз қызметінің үздігі, драматург, әуесқой композитор Манар Құрманбекұлының “Қалжын қағытпалар” атты кітабының тұсаукесері өтті.

Жазушы Манар Құрманбекұлымен сұхбат жүргізіп, түрлі өлеңдері айтылды.

Отау құрғандарына 50 жыл болған, алтын той иелері Манар Құрманбекұлы мен Жанибекова Асель жас отбасыға ақ батасын берді. Арты «14 наурыз - Көрісу күні» мерекесі құрметіне жасы үлкендер жиналып көрісу күнін атап өтті.