
Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты, саяжай - кооперативтерінің арасында әуесқой футболдан жарыс өтті.
Аталған спорттық шараның ашылу салтанатында ауыл әкімінің орынбасары - Б.Қасымбек қатысушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.
Сондай - ақ, Ащыбұлақ ауылдық округі аймағында спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауда қосқан үлесі үшін, ұйымдастырушыларға ауыл әкімі - Жасұлан Шералыұлы атынан алғыс хат табысталды.
1 - орын «Жарқын жастар»
2 - орын «Нұр - атакент»
3 - орын «Нариман - 1»