
1994 ж. 16 желтоқсандағы ҚР мен ГФР Үкіметтері арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісімнің 18-бабына сәйкес Қазақстан-Герман мәдени ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі аралас комиссия жұмыс істейді (5 отырыс өткізілді, соңғысы-2017 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтанда).
2009-2010 жж. ҚР-ның Германиядағы және ГФР-ның Қазақстандағы жылдары өткізілді.
2006 ж. бастап «Қазақ кітапханасы» атты бірлескен жоба іске асырылуда. Абайдың, М.Әуезовтің, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, Ә.Нұрпейісовтің, Т.Ахтановтың, Г.Бельгердің, О.Сүлейменовтің және Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындарының еңбектері неміс тілінде басылды. Жобаның аясында қазақ авторларының шамамен 26 кітабы жарияланды, оның ішінде 2011-2012 жж. М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы және І.Есенберлиннің «Көшпенділер» үш томдық трилогиясы неміс тілінде қайта басып шығарылды.
2016 ж. Франкфурт кітап жәрмеңкесі шеңберінде «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл – Қазақ кітапханасының 25 кітабы» ұранымен жобаның тұсаукесері өтті.
2018 ж. 16 қарашада Берлин мемлекеттік кітапханасында қазақ әдебиетінің бұрышы ашылды. Жинақта қазақстандық жазушылардың қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдеріндегі 200-ден астам шығармалары ұсынылған.
Қазақстандық режиссерлер «Берлинале» (Берлин қ.) және «goEast» (Висбаден қ.) сияқты белгілі кинофестивальдердің тұрақты қатысушылары.
Қазақстандағы ұлты неміс азаматтар (шамамен 180 мыңадам), сондай-ақ Германияда өмір сүретін бұрынғы қазақстандықтар (900 мыңнан аса адам) және этникалық қазақтар (шамамен 1 мың адам) екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңызды буыны болып табылады.
Неміс диаспорасының мәселелерімен Этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы айналысады. 2021 ж. 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында кезекті 18-отырысы өткен болатын. Президент Қ.Тоқаевтың Берлинге жасаған сапары барысында (2019 ж. 5-6 желтоқсан) Германияның Федералдық ішкі істер, құрылыс және кешенді даму министрлігі мен «Возрождение» қоғамдық қоры арасында Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Неміс орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды. 2021 ж. 11 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Әлімбаевтің және Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар және аз ұлттар істері жөніндегі өкілетті уәкілі, Германия Бундестагының депутаты Б.Фабрициустың қатысуымен аталған Орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Гете-институты және «DAAD»- мен қатар ол ҚР-да неміс тілінің, мәдениеті мен дәстүрлерінің дамуына ықпал ететін болады.
Қазақстанда облыстық неміс этно мәдени бірлестіктер сәтті қызмет етуде, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық газеті басылып шығарылады, Қазақстандағы «Видергебурт» атты немістердің қауымдастығы белсенді жұмыс атқаруда.