
ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ҚР мен ГФР арасындағы екіжақты тауар айналымы 2020 ж. 2,05 млрд. долларын құрады (экспорт – 247,6 млн., импорт – 1,8 млрд.), бұл 2019 ж. көрсеткіштен 12,2%-ға жоғары. 2021 ж. 11 айында тауар айналымы 1,92 млрд. долларды құрады (экспорт – 357,9 млн., импорт – 1,59 млрд.).
Есептеудің балама әдісін иеленетін ГФР статистика жөніндегі Федералдық ведомствосының мәліметіне сәйкес, екіжақты тауар айналымы 2020 ж. 3,9 млрд. еуро (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 2,4 млрд.) құрады. Неміс мәлімдемелеріне сәйкес, 2021 ж. 8 айында ГФР мен ҚР арасындағы сауда айналымы 25,3% өсіп 3,4 млрд. еуроны құрады. ҚР-дан ГФР-ға келетін экспорт көлемі 43,5%-ға өсті (2,4 млрд. еуро).
Германияға шығарылатын экспорттың негізін көмірсутектер, ферроқорытпалар, сутектер, инертті газдар, күміс, мыс және т.б. жеткізу құрайды. Импорт түрлерін дәрі-дәрмектер, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және үгіту машиналары, медицинада қолданылатын құрал-жабдықтар, автокөліктер, арнайы мақсаттағы жабдықтар мен механикалық құрылғылар және т.б. құрайды.
Қазақстан ГФР-дың аса маңызды сауда серіктестерінің ішінде 53-орында және Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып саналады: екіжақты сауданың жалпы көлемі ГФР-дың аймақтағы елдермен сыртқы сауда операцияларының жалпы көлемінің 80%-ын құрайды.