GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Прокуратура туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 сентября 2026
«ASAU-2026»: «Заң мен Тәртіп» — әскери тәртіптің негізі

Бас әскери прокуратураның бастамасымен Қонаев гарнизонында әскери-патриоттық «ASAU-2026» («Айбынды Сарбазды Анықтайтын Уақыт») байқауы өткізілді. Байқау әскери ортада «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттауға, әскери тәртіпті нығайтуға және әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды.

Жоба профилактикалық жұмыстың практикалық бағыттарының біріне айналды. Оның негізгі мақсаты — әскери-патриоттық тәрбие, дене дайындығы, кәсіби және зияткерлік сынақтарды ұштастыра отырып, әскери қызметшілердің заңға деген құрметін қалыптастыру және әскери борышына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Байқаудың іріктеу кезеңіне Қонаев гарнизонының 4 мыңнан астам мерзімді әскери қызметшісі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік 9 сарбаз финалға шықты.

Финалдық кезең 6 сынақтан тұрды: ұлттық спорт түрлері, ашық суда қашықтықты еңсеру, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып барлау тапсырмаларын орындау, кедергілер жолағын еңсеру, зияткерлік сынақ және практикалық тапсырмаларды орындау.

Құқықтық және патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінді. Зияткерлік кезең барысында әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Заң мен Тәртіп» қағидатының мазмұнын, сондай-ақ Мемлекет басшысы бұған дейін оқуға ұсынылған шығармалардың қатарында атаған халық жазушысы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романын білу деңгейлерін көрсетті.

Жарыс аяқталғаннан кейін эстрада әртістері мен әскери шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік деп 26363 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бақтұр Мұрат танылды. Екінші орынды 6654 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Арлан Асхат иеленді. Үшінші орынға 32363 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Казбек Кайнешов ие болды.

Бірқатар әскери қызметшілер жекелеген номинациялар бойынша марапатталды.

Жеңімпаздар мен номинанттар Бас әскери прокурордың атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Әскери прокуратура органдары «Заң мен Тәртіп» идеологемасын насихаттау және жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шараларды одан әрі жалғастыратын болады.

 

Бас әскери прокуратура

24 августа 2026
Прокурорлар Ю.А. Хитриннің рухына тағзым етті

Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас Прокуроры Юрий Александрович Хитриннің туғанына 80 жыл толуына орай прокуратура органдарының қызметкерлері оның рухына тағзым етті.

Ю.А. Хитриннің қабірі басында құрметті қарауылдың қатысуымен гүл қою рәсімі өтті.

Юрий Александрович тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның жоғары кәсібилігі, принципшілдігі мен өз ісіне адалдығы отандық прокуратура тарихында өшпес із қалдырды.

Бұл рәсім Ю.А. Хитриннің еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі әрі кәсіби өмірін Заңға қызмет етуге арнаған азаматтың есімін ұлықтап, рухани мұрасын сақтаудың айғағы болды.

 

Бас әскери прокуратура

24 августа 2026
Юрий Александрович Хитриннің туғанына 80 жыл

1946 жылғы 24 тамызда көрнекті мемлекет қайраткері, әділет генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас прокуроры Юрий Александрович Хитрин дүниеге келді.

Аудандық прокуратура тергеушісінен бастап қадағалау органының бірінші басшысына дейінгі қызмет жолынан өткен Юрий Александрович заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, тәуелсіз Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

Юрий Александрович Хитриннің принципшілдігі, заң мен мемлекетке деген адалдығы, жоғары кәсібилігі прокуратура органдарының тарихында өшпес із қалдырды.

Ю.А. Хитриннің өмірі мен кәсіби қызмет жолы «Әскери прокуратура органдарының ардагерлері бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Алдабергенұлы Тазабековтың жарияланымында баяндалады.

 

Ю.А. Хитрин: Генерал, Политик, Человек

К 80-летию со дня рождения генерал-лейтенанта юстиции

Юрия Александровича Хитрина

Если тех, кто работал в госаппарате и в органах прокуратуры и помнит 90-ые и двухтысячные годы, спросить, кто такой Юрий Александрович Хитрин, большинство из них ответит – это был Генеральный Прокурор нашей страны. Добавят, затем был Председателем Конституционного Совета.

Для нас, кто начинал еще в советское время, и для тех, кто пришел на службу уже в пору независимого Казахстана, генерал-лейтенант юстиции Хитрин, прежде всего, фактически основатель и создатель нынешней системы органов военной прокуратуры.

При нем военная прокуратура прошла наиболее сложный этап своего становления.

В 1992 году, Президентом страны Ю.А. Хитрин был назначен заместителем Генерального Прокурора-Военным прокурором Республики Казахстан.

Последствия распада Советского Союза существенно сказались на состоянии армейской законности, время требовало оперативных и жестких решений. Отток кадров в лице опытных офицеров, разъезжавшихся по своим национальным «квартирам», усугублял проблему – некому иногда было даже расследовать накопившиеся уголовные дела.

Военную прокуратуру пришлось практически собирать заново. Я не буду заново пересказывать содержание нормативных правовых документов того времени, могу только сказать, что высшие органы власти видели проблему и искали пути ее решения. И они нашли - Генерала, Политика, но главное, Человека, который ее решил.

Первым военным прокурором независимого Казахстана 17 февраля 1992 года был назначен полковник юстиции М.Б. Мукашев. А через несколько месяцев руководство военной прокуратурой было передано Ю.А. Хитрину.

Обстановка, признаться, была крайне сложной.

Распад СССР разрушил прежнюю систему управления войсками. На отдельных участках границы офицеров практически не осталось. На Байконуре возникали конфликты и массовые беспорядки среди военных строителей. Одновременно в войсках резко увеличивалось количество преступлений.

Военная прокуратура должна была обеспечивать законность в армии, при этом сама находилась в процессе формирования.

Юрий Александрович быстро определил, что одной организационной перестройки недостаточно. Для нормальной работы военных прокуратур требовались профессиональные юристы, причем в значительном количестве. А где же их взять?

И тогда было принято решение призвать из запаса юристов для службы в органах военной прокуратуры.

Сто сорок пять специалистов с высшим юридическим образованием, из которых сто были призваны в ряды военной прокуратуры. Остальные 45 были направлены в систему судебной военной юстиции. А «первая сотня» стала основой кадрового состава военных прокуратур гарнизонов.

Именно эти молодые лейтенанты и старшие лейтенанты, закончившие гражданские ВУЗы, «с колес» учились расследовать воинские преступления, обеспечивать надзор за законностью в войсках.

Позднее многие из тех, кто пришел в военную прокуратуру в эти годы, сами стали руководителями. Это и Талгат Сабитович Мухтаров, начинавший в военной прокуратуре Шымкентского гарнизона, и член нашего Объединения Ахмедов Махмуд Маилович, также служивший в этом же гарнизоне.

А многие достойные наши ветераны и пенсионеры: Мороз В.Н., Рымзин В.А., Кужукеев Д.Е., Жумаханов Б.К.,Джаксыбаев С.Т., Мулдагалиев А.К., Бекенов Д.О., Абдыкулов А.А., Сарсембаев К.А., Алиев А.Э. и многие другие, которых хотелось бы здесь упомянуть, помогали и передавали им свои знания и умения, делились навыками расследования и проведения проверок.

Нельзя не упомянуть и о тыловой службе, без которых невозможна организация нормального обеспечения работы военной прокуратуры. Юрий Александрович высоко ценил заслуги и деловые способности полковника Ходжаева Джуракула Раджабовича, заслуженного хозяйственника и управленца.

Так формировалась первая профессиональная школа военных прокуроров независимого Казахстана.

О масштабах нагрузки тех лет сегодня трудно судить по привычным представлениям о работе прокуратуры.

Я уже много раз рассказывал, но личный опыт он самый яркий. Поэтому не могу не напомнить. В Талдыкорганском гарнизоне к концу 1992 года в  производстве у трех оперативных сотрудников находилось до 350 уголовных дел. Около 120 обвиняемых содержались под стражей. Среди дел были убийства, разбои, грабежи и преступления, совершенные   группой лиц.

Военная прокуратура расследовала преступления военнослужащих, не только проходивших службу в армии Казахстана. Очень много в производстве находилось дел, связанных с преступлениями военнослужащих, самовольно оставивших места службы из других бывших союзных республик, приходилось разбираться с последствиями фактического распада единой военной системы и одновременно создавать собственную практику.

В этих условиях руководитель военной прокуратуры должен обладать не только навыками администрирования, но и уметь расследовать уголовные дела сам. И именно здесь огромное значение сыграл опыт работы Юрия Александровича.

До назначения Главным военным прокурором Хитрин прошел практически все основные ступени прокурорской службы. Начинал следователем, работал по особо важным делам, руководил следственным подразделением. Позднее руководил уже целыми подразделениями, в 32 года  достиг должности прокурора Целиноградской области. Работал и был на высоком счету в Прокуратуре СССР.

Поэтому к руководству военной прокуратурой он пришел человеком, хорошо знавшим следственную работу изнутри. И это я понял на личном опыте общения с ним.

Он никогда не ограничивался общими распоряжениями и, если дело было действительно серьезным, он вникал в него лично.

Один из таких эпизодов произошел весной 1994 года.

В одной из воинских частей Талдыкорганского гарнизона были убиты двое военнослужащих караула, их автоматы похищены. Мне, как военному прокурору гарнизона, пришлось немедленно докладывать о чрезвычайном происшествии руководству Главной военной прокуратуры. Юрий Александрович взял расследование под личный контроль.

Он регулярно связывался со мной, обсуждал версии, давал конкретные профессиональные и точные указания. Преступление удалось раскрыть в течение трех суток.

Впоследствии виновный был приговорен Военной коллегией Верховного суда Республики Казахстан к исключительной мере наказания.

Этот эпизод хорошо характеризует подход Хитрина к службе. Он умел быть и жестким, и требовательным, и понимающим, и человечным. Но, будучи профессионалом с большой буквы, он всегда находил нужные слова для каждого человека.

В воспоминаниях разных людей повторяются одни и те же черты. Но все всегда, и я в их числе, отмечали простоту в общении и уважение к людям.

В 1996 году Управление военных прокуратур было вновь  преобразовано в Главную военную прокуратуру. Ю.А. Хитрин стал заместителем Генерального Прокурора - Главным военным прокурором.

К этому времени созданная несколькими годами ранее система уже имела кадровую основу и опыт работы. Но важнейшим наследием этих лет стали не стены и не штаты, а люди.

Военная прокуратура получила поколение юристов, которые пришли в систему в самые тяжелые годы, научились работать в условиях постоянной нехватки кадров и ресурсов, а затем сами стали руководителями.

Мы всегда будем помнить Ю.А.  Хитрина как человека, который воспитал целую плеяду грамотных, порядочных и ответственных офицеров военной юстиции. Это и есть один из главных результатов его работы.

В 1997 году Хитрин стал Генеральным Прокурором Республики Казахстан, а в 2000 – председателем Конституционного Совета Республики Казахстан. Затем, по состоянию здоровья, он вышел на заслуженный отдых.

В 2004 году в возрасте 58 лет он скоропостижно скончался.

Память о нем живет в наших сердцах и в наших делах. Генерал, который не кичился своими звездами. Политик, который делал все для страны и народа. Человек, который не прятался за должностью и подчиненными.

Сегодня трудно представить начало 1990-х годов глазами тех, кто тогда отвечал за законность в войсках. Не было готовой системы, не было достаточного количества кадров. Зато были гарнизоны, в которых не хватало офицеров. Были сотни уголовных дел, убийства, разбои, дезертирство, оружие, которое исчезало из воинских частей.

И была необходимость за несколько лет создать систему, которая должна была обеспечить законность в армии нового государства.

Юрий Александрович Хитрин оказался одним из тех, кому выпала эта работа.

Поэтому его место в истории военной прокуратуры определяется не только тем, что он когда-то занимал должность Военного прокурора, а затем Главного военного прокурора.

При нем военная прокуратура перестала быть временной конструкцией переходного периода и стала полноценным государственным институтом Казахстана.

А люди, которые пришли в нее в те годы, стали основой последующей школы военной юстиции.

24 августа 2026 года Юрию Александровичу Хитрину исполнилось бы 80 лет. Восемьдесят лет - возраст, когда о человеке обычно говорят как о части уже далекой истории. Но история военной прокуратуры независимого Казахстана началась совсем недавно. Ее еще помним мы, кто стоял у ее истоков.

Поэтому мы помним, и всегда будем помнить Юрия Александровича как большого государственного политика, генерала и по званию, и по делам, и как человека, который, несмотря на высокие должности, всегда проявлял простое человеческое отношение к тем, кто работал рядом.

 

Председатель Общественного Объединения

«Объединение   ветеранов органов военной прокуратуры»

Булат Тазабеков

10 августа 2026
Әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау – әскери прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі

Әскери ортадағы заңдылықты қамтамасыз ету құқық бұзушылықтарға ден қоюмен қатар, олардың алдын алуды да қамтиды.

Әскери тәртіптің жай-күйіне, қызметтік міндеттердің тиісінше орындалуына және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін факторлардың бірі – шамадан тыс кредиттік жүктеме.

Осыған байланысты әскери прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және «Қарызсыз қоғам» қоғамдық қорымен бірлесіп, әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және оларға практикалық құқықтық көмек көрсетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Қаржылық сауаттылық бойынша оқытумен 10 мыңнан астам әскери қызметші қамтылды. Оның ішінде 4,6 мың әскери қызметшінің кредиттік міндеттемелері ақшалай үлесінің 50 пайызынан асады.

Практикалық құқықтық көмек 3 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 500-ден астам әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне кредиттерді қайта құрылымдауға, 700-ден астамына тыйым салуларды алып тастауға, ал 1,5 мыңына кредиттік тарихын түзетуге және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге жәрдем көрсетілді.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Бас әскери прокуратура

03 июля 2026
Бас әскери прокуратурада атқарылған жұмыстардың нәтижелері қорытындыланды

Бас әскери прокуратурада әскери прокурорлардың жартыжылдықтағы қызмет қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары айқындалған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Бейне-конференцбайланыс форматында өткен отырысқа өңірлік және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.

Алқа отырысын ашқан Бас әскери прокурор Дастан Секенов әскери саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және әскери тәртіпті нығайту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін атап өтті.

Қадағалау қызметінің нәтижесінде мемлекет кірісіне 2,6 млрд теңге өндіріліп, құны 7,8 млрд теңгені құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қадағалау актілері арқылы 26 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 22 мыңнан астам әскери қызметшінің демалысқа және еңбекақыны уақтылы алуға қатысты құқықтары қорғалды.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 1 мыңнан астам мерзімді әскери қызметшіге қызмет өткеру кезеңінде кредиттік міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығын жүзеге асыру қамтамасыз етілді.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасау кезінде шамамен 600 млн теңгенің негізсіз төленуіне жол берілмеді.

Бас әскери прокуратураның наразылығы бойынша әскери мақсаттағы тауарларды экспорттау мен импорттауға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілер туғызған ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Нәтижесінде әскери өнім өндіретін 14 ірі отандық кәсіпорынның мүдделері қорғалып, жеткізушілердің біріне құны 1,5 млрд теңгеден асатын өз өнімдерін шетелге экспорттауға мүмкіндік берілді.

Бас әскери прокуратура әзірлеген, заңдылықты нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери саланы цифрландыруға бағытталған «Әскердегі заң мен тәртіп» және «Цифрлық профилактика» бағдарламаларын іске асырудың оң нәтижелері атап өтілді.

Мәселен, әскерлердегі бейнекамералар саны 25 пайызға артты, бұл бақылаусыз аймақтарды едәуір қысқартып, жағдайды бақылау деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.

Мерзімді әскери қызметшілер қызмет ететін әскери бөлімдерде жасанды интеллект элементтері енгізілген бейнебақылау жүйелерін енгізу басталды.

Азаматтарды әскери қызмет мәселелері бойынша объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылданды. Бас әскери прокуратураның бастамасымен Қорғаныс министрлігі ARMIA.KZ порталында Цифрлық әскери кеңесшіні іске қосты.

Сервис азаматтарға әскерге шақыру, әскери қызмет өткеру тәртібі, кейінге қалдыруларды беру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша тексерілген ақпаратқа тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Цифрлық әскери кеңесші арқылы 3 мыңнан астам азамат өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Сондай-ақ, екі мамандандырылған Telegram-бот іске қосылды.

«Айсұлу» функционалы азаматтарға психологиялық қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуді ұсынады.

«Шаңырақ» сервисі тұрғын үй заңнамасы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Биыл оның мүмкіндіктерін 12 мыңнан астам адам пайдаланды.

Психологиялық қолдауды қажет ететін әскери қызметшілерді анықтауға бағытталған «Сарбаз көмек» жобасы өзінің тиімділігін көрсетті.

Биыл 30 мыңнан астам әскери қызметші сауалнамамен қамтылып, оның нәтижесінде 350-ден астам сарбаз әскери қызметке бейімделу кезеңінде психологтардың уақтылы әрі атаулы көмегіне ие болды.

Қолжетімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» телефондары іске қосылды. Оларға кез келген әскери қызметші немесе оның туыстары хабарласып, құқық бұзушылықтар туралы мәлімдей алады. Әрбір дерек әскери құқық қорғау органдары тарапынан жедел түрде тексеріледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Бас әскери прокурор әскери прокуратура органдарының күш-жігерін әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге жұмылдыруды тапсырды.

 

Бас әскери прокуратура

17 июня 2026
Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Әскери прокурорлар әскери мүліктің сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтады.

Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті.

Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.

Көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Бас әскери прокуратура

09 июня 2026
Батальон командирінің орынбасары сарбаздың қаза болуына әкеп соққан қызметке салғырт қарағаны үшін сотталды

Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

2025 жылғы 23 қыркүйекте жеке құрамның қарумен жұмыс істеу барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, оның салдарынан оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер Сейтқали Ә., қайтыс болды.

Іс бойынша қадағалауды жүргізу барысында әскери прокурорлар қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға және дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған қажетті тергеу және процестік әрекеттердің толық жүргізілуін қамтамасыз етті.

Тергеп-тексеру барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ алдыңғы өткізілген атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмағаны анықталды. Соның салдарынан ұңғыда қалып қойған оқ әскери қызметшінің қаза болуына себеп болды.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған лауазымды тұлға Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігімен (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Бас әскери прокуратура

13 мая 2026
Әскери бөлім командирінің салғырттығы салдарынан мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Үстіміздегі жылдың 17 ақпанында Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде командирдің қызметтік міндеттеріне салғырт қарауы салдарынан сарбаз Р. Жайғалиевтің қаза болуына байланысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

Тергеу барысында бөлім командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген шараларды қабылдамағаны анықталды, бұл түптеп келгенде қайғылы оқиғаға себеп болды.

Әскери прокурорлардың үздіксіз қадағалауы және жедел-тергеу тобының үйлестірілген жұмысы барысында қысқа мерзімде жеткілікті дәлелдер жинақталып, қажетті сот сараптамалары жүргізілді.

Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар, барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әскери қызметшілердің қаза табуына әкеп соққан қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Бас әскери прокуратура тарапынан жалғастырылады.

 

Бас әскери прокуратура

06 мая 2026
Қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен жұмыс кездесуі туралы

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын сақтауды қадағалау аясында әскери прокуратура органдары қорғаныс-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қызметіндегі проблемаларды кешенді түрде зерделеуде.

Бас әскери прокуратураның бастамасымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушылар өкілдері қатысуымен жұмыс кездесу өтті.

Өндірістік қуаттарды жаңғырту, ресурстық қамтамасыз ету және өндірісті жергіліктендіру мәселелері талқыланды.

Проблемалық сұрақтар жекелеген бағыттар мен кейстер бойынша бөлініп, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп әрі қарай пысықтау үшін бақылауға алынды.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын тиімді орындау, саланың тұрақты дамуын, рәсімдердің заңдылығын қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.

 

Бас әскери прокуратура

23 апреля 2026
Сарбаздың қаза болу дерегі бойынша әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды

Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары а.ж. 23 қаңтарда сарбаз Қ. Оспановтың қаза болу дерегі бойынша Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің батальон және взвод командирлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында лауазымды тұлғалардың бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткені анықталды.

Сонымен қатар, взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін орындаудан шет қалған.

Тергеу әрекеттерін тиісті түрде ұйымдастыру нәтижесінде жеткілікті дәлелдемелер базасы жедел жинақталды, қысқа мерзімде қажетті сараптамалар жүргізілді, қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды.

Билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау фактілері бойынша бірнеше эпизодтан тұратын қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Бірқатар кадрлық шешімдер қабылданды: әскери бөлім командирі және оның екі орынбасары лауазымдарынан босатылды, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактілері бойынша істерді тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Бас әскери прокуратура тарапынан тұрақты негізде тиісті шаралар іске асырылады.

Атап айтқанда, тергеу әрекеттерін жүргізу, оның ішінде оқиға орнын қарау әдістемесі, оқиғаның жағдайын егжей-тегжейлі тіркеу және заттай дәлелдемелерді алу рәсімдері жетілдірілді.

Істерді тергеудің жеделдігін арттыру мақсатында әскери қылмыстық қудалау органдарының басшыларымен және Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығымен қажетті сараптамалық зерттеулерді барынша қысқа мерзімде жүргізу туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы бағыттағы жұмыс әскери прокуратура органдарымен  жалғастырылады.

 

Бас әскери прокуратура

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы