
16 қаңтарда Астана қаласында Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің төрағалығымен әскери прокуратура органдарының алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша өткен жылдағы жұмыс қорытындыланып, 2016 жылдағы тапсырмалар анықталды.
Мәжіліс жұмысына Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңесінің, «Әскери заңгерлер Альянсы» қоғамдық ұйымының өкілдері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.
Бас әскери прокурор алқа мәжілісі жұмысын аша отырып, өткен жылда құқық қорғау және сот жүйелері жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдылықтар жағдайында жұмыс істегендігін, жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа институттары сәтті бейімделгенін атап өтті.
Әскердегі құқық бұзушылық профилактикасының үшжылдық бағдарламасы және «2015 – өзіне-өзі қол жұмсауды ескерту жылы» Жалпыреспубликалық жобасы жүзеге асырылды. Қолданылған алдын-ала ескерту шаралары негізінде қылмыс деңгейі және әскери тәртіп жағдайы тұрақталған.
Әлеуметтік-экономикалық салада әскери прокурорлармен ауқымды жұмыс атқарылған, олардың ықпал ету актілері негізінде мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам шығын өндірілген.
2016 жыл бізбен Әскердегі құқықтық мәдениет жылы деп жарияланды. Осы ұран аясында барлық басшыларға әскери ведомстволармен бірлескен әскери қызметшілер мен өскелең ұрпақты құқықтық және әскери-патриоттық тәрбиелеу, қазақстан әскерінің бейнесін арттыру бойынша кең ауқымды жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын,- деп қорытындылады генерал-лейтенант Мерзадинов.
Алқа мәжілісі шеңберінде прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды, жеке әскери прокурорлар тыңдалып, Елбасының тапсырмаларын, оның ішінде кезекті Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Бас әскери прокуратура