Қапшағайда әскердегі өзіне-өзі қол жұмсауды ескерту мәселелері бойынша семинар-мәжіліс өтті

Қапшағайда әскердегі өзіне-өзі қол жұмсауды ескерту мәселелері бойынша семинар-мәжіліс өтті

8 ақпанда Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Дәулетбай Темірбековтің төрағалығымен әскери саладағы өзіне-өзі қол салуды ескерту мәселелері бойынша семинар-мәжіліс өтті.

Мәжіліс жұмысына гарнизон әскери бөлімдері мен әскери құқыққорғау органдары, банк саласы өкілдері және діни адамдар қатысты.

Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде әскери қызметкерлерге несиені өздерінің қаржылық мүмкіндіктеріне және оның нақты қажеттіліктеріне қарап алу керек екендігіне тоқталып өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша әскердегі өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын болдырмау бойынша бірлескен ұсынымдар жасалды.

Әскери прокуратура осыған ұқсас шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы