Алматыдағы офицердің қаза болуы оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматыдағы офицердің қаза болуы оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

23 ақпан 10 сағат 45 минутта Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Шығыс» Өңірлік басқармасы бойынша жедел кезекшісінің ұйықтайтын бөлмесінде кезекшінің көмекшісі аға лейтенант Д.А. Амантаевтың денесі табылған.

Алдын-ала анықталғандай, Амантаев шеке тұсынан «ПМ» табельдік пистолетінен атқан.

Аталған факті ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының  СДТБТ-не тіркеліп, ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Әскери қызметшінің қаза болуының мән-жайы анықталуда.

 

Бас әскери прокуратура