Бас әскери прокурор аймақтармен бейнеконференция байланысы арқылы жеке қабылдау өткізді

Бас әскери прокурор аймақтармен бейнеконференция байланысы арқылы жеке қабылдау өткізді

11 наурызда Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов бейнеконференция байланысы арқылы азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Аягөз, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында тұратын әскери қызметшілермен әскери зейнеткерлер Бас әскери прокурордың қабылдауы барысындағы сұрақтары әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңдылықты түсіндіру бойынша мәселелерге қатысты болды.

Әрбір сұрақ бойынша Бас әскери прокурор түсіндіру сипатындағы толық жауаптар берді.

 

Бас әскери прокуратура