Талдықорғанда мемлекетке залал келтіру фактілері анықталды

Талдықорғанда мемлекетке залал келтіру фактілері анықталды

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасымен 55078 әскери бөлімінде жүргізілген тексеру барысында 400 млн. теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу заңнамаларының бұзылуы анықталған. Келтірілген шығын прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекет бюджетіне өндірілген.

Сонымен қатар, әскери прокуратурамен 21751 әскери бөлімінде 300 млн. теңгеден астам сомаға тауарлық-материалдық құндылықтарды негізсіз есептен шығару фактілері анықталған. Қазіргі кезде, прокурорлық ықпал ету арқылы мемлекетке келтірілген залалды өндіру шаралары қабылдануда.

Аталған оқиғалар Сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы