
25 наурызда Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Ермек Жаңатаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Тараз гарнизонының әскери басқару және қылмысты қудалау органдарының Ведомствоаралық мәжілісі өтті.
Кеңес отырысында гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің және құқық бұзушылықтың профилактикасының жай-күйі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, әскери қызметшілердің өлімі мен жарақат алуына жол бермеу мәселелері қаралды.
Әділет полковнигі Жаңатаев атап өткендей, әскери прокуратураның әскери бөлімдер басшыларының және әскери полиция органдарымен бірлесе жүргізілген елеулі профилактикалық жұмыстарының нәтижесі гарнизондағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының азаюына ықпал еткен.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау барысында жеке командирлер тыңдалып, құқық бұзушылықтың профилактикасын жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша құрылымдық ұсынымдар қаралды.
Мәжіліс отырысының қортындысы бойынша әскери тәртіптің жай-күйін, әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын жақсарту бойынша нақты ұсынымдар берілген.
Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы