Үйлестіру кеңесі ведомстволық тексерулерді ұйымдастыру және оның тәртібі мәселелерін қарады

Үйлестіру кеңесі ведомстволық тексерулерді ұйымдастыру және оның тәртібі мәселелерін қарады

31 наурызда Астана қаласында Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтың төрағалық етуімен әскери басқарма және қылмысты кудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс күн тәртібінде әскери бөлімдер мен мекемелердегі ведомстволық тексеру жүргізу мәселелері қаралды.

Кеңес отырысында Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік кеңес мүшелері, әскери ведомстволардың бірінші басшылары, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, гарнизон басшылары, әскери бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша әскердегі тәртіптің нығаюы және заңдылықты бұзуды ескертудегі ведомстволық тексерулердің ролін күшейту бойынша ұсынымдар жасалды.

 

Бас әскери прокуратура