Петропавлда әкімшілік құқық бұзушылық заңдылықтарын қолдану мәселелері Ведомствоаралық кеңесте қаралды

Петропавлда әкімшілік құқық бұзушылық заңдылықтарын қолдану мәселелері Ведомствоаралық кеңесте қаралды

31 наурызда Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасымен Солтүстік Қазақстан облыстық соты мен ішкі істер Департаментінің өкілдерінің қатысуымен Петропавл және Щучинск гарнизондарының әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының Ведомствоаралық кеңесі өтті.

Кеңесте әкімшілік құқық бұзушылық заңдылықтарын қолданудың жеке мәселелері қаралып, әскери полиция органдары басшылары мен әскери бөлім командирлерінің есептері тыңдалды.

Төрағалық еткен гарнизон әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергенов, кеңес отырысын қорытындылай келе, әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының басшыларына әскери қызметшілермен әкімшілік заңнамалардың мүліткісіз орындалуын, уәкілетті органдармен тиісті іс-қимылды ұйымдастыруларын және әкімшілік құқықбұзушылықтардың қатаң есебін жүргізуді қамтамасыз етуді ұсынды.

Мәжіліс отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы