Бас әскери прокуратурада бейнеконференция байланысы арқылы жеке қабылдау өткізіледі

Бас әскери прокуратурада бейнеконференция байланысы арқылы жеке қабылдау өткізіледі

20 сәуірде сағат 15.30-да Бас әскери прокурор әділет генерал-лейненаты Ергали Мерзадинов Алматы, Гвардейск, Сарыөзек, Қапшағай және Талдықорған гарнизондарының әскери прокуратураларында орналастырылған бейнеконференция байланыстары арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы жоспарланған.

Бас әскери прокурордың жеке қабылдауына тілек білдірген аталған гарнизондарда тұратын және (немесе) орналасқан жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдері Бас әскери прокуратураның 8 (7172) 71-28-27 телефоны немесе 7172827@prokuror.kz электронды адресі арқылы, сонымен қатар осы әскери прокуратураларда келесі мекен-жайлар бойынша жазылуға болады:

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы қаласы,  Тимирязев көшесі, 48 үй, тел. 8 (727) 274-88-97;

Гвардейск гарнизонының әскери прокуратурасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский ауылы, тел. 8 (726-36) 7-20-24;

Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы облысы Қапшағай қаласы, Степная көшесі, 6, телү 8 (727-72) 4-55-80;

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, тел. 8 (728-40) 3-16-07;

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Восточный ықшам ауданы, Мұратбаев көшесі, 29б, тел. 8 (728) 241-10-04.

 

Бас әскери прокуратура