Алматы гарнизонымен ұран қабылданды

Алматы гарнизонымен ұран қабылданды

8 сәуірде Алматы қаласында Аэроұтқыр күштері Қолбасшысының Басқармасы штабында Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Тлекжан Саткеннің төрағалығымен Алматы гарнизонының әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті. Күн тәртібінде құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша бағдарламалық құжаттардың және әскери прокуратура органдарының 2016 жылдағы ұранының жүзеге асуы мәселелері қаралды.

Мәжіліс отырысына қылмысты қудалау органдарының басшылары, гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің командирлері қатысты.

Отырыс қорытындысында әскердегі құқық бұзушылықтың және өзіне-өзі қол жұмсаудың профилактикасы бойынша қосымша шаралар қабылданып, сондай-ақ гарнизонның «Құқықтық білім – салауатты әскер кепілі» ұраны қабылданды.

 

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы