
12 сәуірде Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновтің төрағалық етуімен дөңгелек үстел өтті. Отырыста Мемлекеттік шекараны қорғау және шекаралық қызмет атқару мәселелеріндегі қылмыстар жайында сөз қозғалды.
Дөңгелек үстел жұмысына 2032 әскери бөлімінің басшылығы, әскери полиция бөлімінің қызметкерлері, өткізу бекеттерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Сонымен қатар, аталған шара барысында өткізу бекеттерінде шекаралық қызмет атқару саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасының жеке мәселелері, олардың себептері мен салдары талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік шекара туралы заңдылықтардың мүлтіксіз сақталуы бойынша қосымша шаралар қабылданып, тиісті ұсынымдар берілген.
Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы