Бас әскери прокуратурада бірінші тоқсан жұмысы қорытындыланды

Бас әскери прокуратурада бірінші тоқсан жұмысы қорытындыланды

19 сәуірде Астана қаласында Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен әскери прокуратура органдырының 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысы қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел мәжілісінің отырыс өтті.

Мәжіліс жұмысына Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің, "Әскери заңгерлер Альянсы" қоғамдық ұйымының өкілдері, бейнеконференция байланысы арқылы аймақтармен гарнизондардың әскери прокурорлары қатысты.

Отырыс барысында Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жеке сұрақтар бойынша баяндама жасады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша, Бас әскери прокурор, әскери прокуратура органдарының жалпы жұмысын оң бағалап, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру, "2016 - әскердегі құқықтылық мәдениет жылы" әскери прокуратура органдарының ұранын жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының және құқық бұзушылықтардың профилактикасының бағдарламалық құжаттарының орындалуын белсендету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Бас әскери прокуратура