Бас әскери прокурор бейнеконференция байланысы арқылы азаматтарды қабылдады

Бас әскери прокурор бейнеконференция байланысы арқылы азаматтарды қабылдады

Бүгін Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов Оңтүстік өңірінің, Ақтау, Алматы, Гвардия, Қапшағай және Талдықорған гарнизондарының әскери прокуратураларымен бейнеконференция байланысы арқылы жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында аталған гарнизондар азаматтары мен әскери қызметшілерінен тұрғын үй, еңбек және қылмыстық процессуалдық заңдылықтардың жеке нормаларын түсіндіру туралы түрлі сұрақтар түсті.

Барлық сұрақтар бойынша Бас әскери прокурор қолданыстағы заңдылықтың нормаларын түсіндіру арқылы толық жауаптар берді.

 

Бас әскери прокуратура