Оралда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай волейболдан турнир өтті

Оралда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай волейболдан турнир өтті

17 сәуірде Орал қаласында Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту іс-шаралары шеңберінде Орал гарнизонының әскери прокуратурасы мен волейболдан облыстық федерациясының ұйымдастыруымен сот, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың командалары арасында волейболдан турнир өтті.

Жарысқа Орал гарнизоны әскери прокуратурасының, облыстық сот, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар бойынша, мемлекеттік кіріс, қылмыстық-атқару жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдері командалары қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы бірінші орынды иеленіп, екінші орынды Орал гарнизонының әскери прокуратурасы, ал үшінші орынды Ұлттық ұланның «Батыс» Өңірлік басқармасының командасы алды.

Жүлделі орындарға ие болған командаларға турнирдің ұйымдастырушыларымен кубоктар, бағалы сыйлықтар және грамоталар тапсырылды.

 

Орал гарнизонының әскери прокуратурасы