
20 сәуірде Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновпен «Ашық есік күні» акциясы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ғимаратында жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдау барысында әскерге шақырылушылар және олардың ата-аналары әскери оқу орындарына түсу және әскери қызметті өткеру тәртібін түсіндіруді өтінді.
Барлық сұрақтар бойынша гарнизон әскери прокуроры қолданыстағы заңдылықтың нормаларын түсіндіру арқылы жауаптар берді.
Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы