
Отан қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеуге орай Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов әскердегі құқық бұзушылықтың профилактикасы және оны ескерту жұмысында белсенділік танытқан әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының лауазымды тұлғаларының аттарына жазылған алғыс хаттарға қол қойды.
5 мамырда Бас әскери прокуратурада салтанатты түрде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Шекара қызметінің өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.
Бас әскери прокуратура