
Отан Қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында Бас әскери прокуратурамен "Әскери заңгерлер Альянсы" қоғамдық ұйымымен бірлесе "Ардагерді құттықта" республикалық патриоттық акциясы өткізілді.
Аталған акцияны өткізудегі мақсат өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және Отан қорғаушы мамандығын дәріптеу болып табылады.
Акцияға әскери қызметшілердің балалары, әскери мектеп-интернаттардың, арнайы кадеттік класстардың тәрбиеленушілері және басқа да еріктілер қатысты. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құттықтау ашық хаттарын даярлады.
Кішкентай өнерпаздардың қатысуымен әскери прокурорлар салтанатты түрде құттықтау ашық хаттарын соғыс ардагерлеріне табыстады.
Акция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар беріліп, ал ең белсенділері Бас әскери прокурордың атаулы дипломдарымен марапатталды.
Бас әскери прокуратура