Қарағандыда Отан қорғаушылар Күніне орай мини-футболдан турнир өтті

Қарағандыда Отан қорғаушылар Күніне орай мини-футболдан турнир өтті

Орталық аймақтың әскери прокуратурасы Отан қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында мамырдың 4-і мен 6-сы аралығында Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің командалары арасында мини-футболдан турнир өткізді.

Сайысқа Орталық аймақтың әскери прокуратурасының, Қарағанды облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің командалары қатысты.

Сайыс қортындысы бойынша бірінші орын облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасы иеленді. Екінші орынға Орталық аймақтың әскери прокуратурасының командасы жайғасса, ал үшінші орын Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің командасы алды.

Жүлделі орын алған командаларға ұйымдастырушылармен кубоктар, бағалы сыйлықтар және мадақтамлар берілді.

 

Орталық аймақтың әскери прокуратурасы