
6 мамырда Оңтүстік аймақтың әскери прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облыстық Басқармасымен және Жамбыл көлік прокуратурасымен бірлесе Отан қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеуге орай прокуратура органдарының ардагерлерінің қатысуымен және бағалы сыйлықтар тапсырумен салтанатты жиын өткізді.
Аталған мерекелер қарсаңында Оңтүстік аймақтың әскери прокуратурасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Беляева Анна Павловнаға барып, оны Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Бағалы сыйлықтармен қоса ардагерге Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің балаларымен дайындалған ашық хаттар табысталды.
Анна Павловна құттықтаулар мен көрсетілген ықыластары үшін әскерилерге алғыс білдірді.
Оңтүстік аймақтың әскери прокуратурасы