Алматыда құқықорғау органдары командалары арасында турнир өтті

Алматыда құқықорғау органдары командалары арасында турнир өтті

4 мамырда Алматы гарнизонының әскери прокуратурасымен Жеңіс Күнін және Отан қорғаушы Күнін мерекелеу қарсаңында Қорғаныс министрлігі Әскердің орталық спорт клубының оқу-дайындық орталығының базасында құқық қорғау органдарының командалары арасында мини-футболдан турнир ұйымдастырылып, өткізілді.

Турнирде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының, Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция отрядының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы гарнизоны бойынша әскери полиция басқармасының, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік басшылғының әскери полиция бөлімінің және Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының командалары қатысты.

 ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаментінің командасы турнирдің жеңімпазы атанды, 2-ші орынды Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының командасы иеленсе, ал 3-ші орынға Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция отрядының командасы жайғасты.

Турнирдің жеңмпаздары мен қатысушыларына кубоктар және грамоталар табысталды.

 

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы