
"Ардагерді құттықта" республикалық патриоттық акциясы аясында Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Нұрлан Алпысов Талдықорған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады.
Отан қорғаушы Күнін және Жеңіс Күнін меркелеу қарсаңында әскери прокуратура қызметкерлері әскери қызметшілердің балаларымен Ұлы Отан соғысына қатысқандар Шектібаев Толейбайды, Боранбаев Хасан Хисметұлын және Иванов Николай Максимовичті құттықтады.
Ардагерлерге әскери қызметшілердің балаларымен жасалған ашық хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.
Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы