
Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасымен Отан қорғаушы Күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуге аясында құттықтау ашық хаттарын даярланған Петропавл қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау салтанатын өткізді.
Әскери прокуратура қызметкерлері балалармен бірге ардагерлерді құттықтап, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып, олардың жанқиярлық ерліктері үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
Осы жылы жүзжылдық мерейтойын атап өтетін – соғыс ардагері Барильченко Павел Яковлевич Кеңес әскерінің майдандағы күндері мен шайқастарын еске алып жас өспірімдермен бөлісті.
9 мамырда әскери прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысында қаза болған Кеңес әскерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ардагерлер көрсетілген ықыластарына шын ризашылығын білдірді.
Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы