
17 мамырда әскери прокуратура органдарының «2016 – әскердегі құқықтық мәдениет жылы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Оның барысында әскери прокуратура қызметкерлері әскери қызметшілермен олардың отбасы мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында әскери қызметшілерден әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, және де тұрғын үй мен зейнеткерлік заңдылықтарының кейбір нормаларын түсіндіру бойынша сұрақтар түсті.
Түскен сұрақтардың барлығы бойынша әскери прокуратураның қызметшілерімен қолданыстағы заңдылықтардың нормаларын түсіндіру арқылы толық жауаптар берілді.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы