Астанада құқықты қолдану тәжірибесінің жеке мәселелері талқыланды

Астанада құқықты қолдану тәжірибесінің жеке мәселелері талқыланды

24 мамырда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Бірлік Тәшімовтің төрағалық етуімен аймақтармен бейнеконференция байланысы арқылы дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыста Мемлекеттік шекараны қорғаудың тәртібін бұзумен қатысты қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу тәжірибесінің өзекті мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстел отырысының жұмысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының басшылығы, Шекара қызметінің, Бас әскери прокуратураның өкілдері, аймақтардың және гарнизондардың әскери прокурорлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында белсенді пікіралмасу болып, оның қорытындысы бойынша Мемлекеттік шекараны қорғаудың тәртібін бұзумен қатысты қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша біркелкі сот-тергеу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар айқындалды.

 

Бас әскери прокуратура