Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің төрағасы сайланды

Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің төрағасы сайланды

Бүгін, 27 мамырда Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде Консультативтік кеңестің ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.

Кеңестің алғашқы отырысын аша отырып, Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов, Консультативтік кеңестің мақсаттары мен оның жұмыс қағидаларын атап өтті.

Бас әскери прокурордың ұсынысы бойынша Консультативтік кеңестің барлық мүшелері оның төрағасы ретінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Абай Тасболатовтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.

Осылай дауыс беру арқылы Консультативтік кеңес төрағасының орынбасарлары болып Бақытберген Қасымбаев және Дәулет Салханов сайланды.

Жаңадан сайланған төрағаның бастауымен Консультативтік кеңес ағымдағы жылдың жұмыс жоспарының жобасын қарап, алдыңғы уақыттағы мақсаттарын белгіледі.

 

Бас әскери прокуратура