Қатардағы жауынгер Сайфуллиннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сезіктілер қамауға алынды

Қатардағы жауынгер Сайфуллиннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сезіктілер қамауға алынды

7 шілдеде Алматы облысы Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында 29108 әскери бөлімінің нақты мерзімдегі әскери қызметкері 30.04.1998 ж.т. 2016 жылдың мамырында Маңғыстау облысынан әскерге шақырылған қатардағы жауынгер Д.К.Сайфуллин қаза болды.

Сол күні сағат 16.30-да 29108 әскери бөлімінің қойма аймағында алдыңғы шақырылымның екі сарбазы әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық ережелерді бұза отырып, қатардағы жауынгер Сайфуллинді соққыға жыққан, алған дене жарақаттарының нәтижесінде соңғы қайтыс болған.

Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 440 бабының 4 бөлімінде көрсетілген қылмыс белгілері (әскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынасының жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

8 шілдеде сезіктілер Қылмыстық-процестік кодекстің 128 бабы тәртібінде ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысы сотпен санкцияланған.

Қазіргі кезде ҚР ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының Сарыөзек бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелуі Бас әскери прокуратурамен бақылауға алынған.

Тергеудің нәтижесі туралы жұртшылыққа қосымша хабарланатын болады.

 

Бас әскери прокуратура