Бас әскери прокуратураның басшылығы өңірлерге шығу арқылы әскери жұртшылықпен кездесіп жеке қабылдау өткізеді

Бас әскери прокуратураның басшылығы өңірлерге шығу арқылы әскери жұртшылықпен кездесіп жеке қабылдау өткізеді

2016 жылдың 28 шілдесі мен 5 тамызы аралығында Бас әскери прокуратураның басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау өткізу үшін өңірлерге шығулары жоспарланған.

Жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулары келесі кестеге сәйкес жүргізіледі:

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Тәшімов Бірлік Кәкімжолұлы Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 3 тамызында сағат 16.00-де; Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 5 тамызында сағат 10.00-де;

Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Мәжренов Біржан Балтабайұлы Алматы гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 28 шілдесінде сағат 10.00-де; Гвардейск гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 28 шілдесінде сағат 17.00-де; Оңтүстік өңірінің әскери прокуратурасында 2016 жылдың 29 шілдесінде сағат 15.00-де; Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 30 шілдесінде сағат 10.00-де; Сарыағаш гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 30 шілдесінде сағат 17.00-де.

Бас әскери прокурордың орынбасарларының жеке қабылдауына тілек білдірген жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдері Бас әскери прокуратураның 8 7172-71-25-83 телефоны немесе 7172848@prokuror.kz электронды адресі арқылы, сонымен қатар жоғарыда аталған әскери прокуратураларда келесі мекен-жайлар бойынша жазылуға болады:

Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118А, тел. 8-7142-54-22-96;

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы, Петропавл қаласы, Сатпаев көшесі, 35, тел. 8-7152-38-13-19;

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы қаласы, Тимирязева көшесі, 48, тел. 8-727-274-88-97;

Гвардейск гарнизонының әскери прокуратурасы, Жамбыл облысы, Кордай ауданы, Гвардейский қала үлгісіндегі ауылы, тел. 8-72636-7-20-24;

Оңтүстік өңірінің әскери прокуратурасы, Тараз қаласы, Қарасу ықшам ауданы,15а, тел. 8-7262-54-21-11;

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы, Шымкент қаласы, Нұрсат ықшам ауданы, Бәйдібек би көшесі, нөмірсіз, тел. 8-7252-42-06-67;

Сарыагаш гарнизонының әскери прокуратурасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, 28, тел. 8-72537-2-35-29.

 

Бас әскери прокуратура