
29 шілдеде Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Дәулетбай Темірбековтың төрағалық етуімен әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті. Күн тәртібінде заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, 2016-2018 жылдарға арналған құқықбұзушылықтың профилактикасы Бағдарламасының және «2016 – әскердегі құқықтылық мәдениет жылы» әскери прокуратура органдары жобасының жүзеге асуы мәселелері қарастырылды.
Отырыс барысында әскери құқық қорғау органдарының басшылары және жеке әскери бөлімдердің командирлері тыңдалды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы