Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті

5 тамызда Бас әскери прокурордың аға көмекшісі әділет полковнигі Құмар Бердалин Қапшағай гарнизонының әскери бөлімдері командирлері және мекемелері басшыларының қатысуымен семинар-мәжіліс өткізді.

Аталған кеңесте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңын тәжірибеде қолдану мәселелері қаралды.

Құмар Бердалин қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және тиісті профилактикалық шаралардың жүргізілуіне жіті аударды.

Өз кезегінде, Қапшағай гарнизонының әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының өкілдері аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстары және қадағалау, құқыққорғау, жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

Соңында әділет полковнигі Қ.С.Бердалин қатысушыларға тиісті ұсынымдар беріп, олардың атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.  

 

Бас әскери прокуатура